×

Қайын атасын ұрған келін жазаланды

Сот отырысында әйел өзінің кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдірді

 Динара Амантай 01.03.2024 | 13:47
Фото: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі

Меркі аудандық сотында қайын атасын ұрып-соққан азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2024 жылдың ақпанында Меркі ауылында келіні мен қайын атасының арасында жанжал туындап, әйел қайын атасының басынан ұрған, алайда денсаулығына зиян келтірмеген.

Құқық бұзушының кінәсі жәбірленушінің берген жазбаша арызы және түсініктемесі, дәрігерлік анықтама, құқықбұзушылық туралы хаттамамен, сонымен қатар сотта зерттелген басқа да кұжаттармен толық дәлелін тапты. Сот отырысында әйел өзінің кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдірді. Атасы көрсетілген жағдайды растап, шағымы жоқ екендігін айтты.

Сот қаулысымен әйел Г. ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама