×

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: цифрлық құжаттағы деректер неге өзгерді?

Ақпараттық жүйелер жаңартылып жатыр

 Дәурен Ерболат 01.03.2024 | 13:30
Фото: inbusiness.kz

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты цифрлық құжаттағы деректердің неге өзгергеніне қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 1 наурызға қараған түні UTC + 05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмысы жүргізілген. 64 ақпараттық жүйедегі 11 мыңнан аса виртуалды сервер жаңартылған.

Мемлекеттік органдар да өзіне қарасты ақпараттық жүйені жаңартып жатыр.

Жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді eGov.kz сайтынан алуға болады, ол да штаттық режимде қолжетімді. «Цифрлық құжаттар» сервисінде деректерді дұрыс көрсетпеу бойынша кейстер анықталды. Қазір біз барлық қажет жұмысты жүргізіп жатырмыз және өзекті деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Айта кетейік, бүгін елімізде уақыт белдеуі өзгерген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама