×

«Президент әкімшілігіне хат жолдаймыз». Депутат маңызды жиынға қатыспаған шенеуніктерді сынады

Тиісті хат Премьер-министр кеңсесіне де жолданады

 Дәурен Ерболат 29.02.2024 | 17:32
көрнекі фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин маңызды жиынға себепсіз қатыспаған шенеуніктерді сынады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде «Тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алайда маңызды жиынға облыс әкімдерінің орынбасарлары қатыспаған.

«Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, барсыз ба? Жиналыста Үкіметтің өкілі бар ма? Әкім орынбасарлары неге жиналысқа қатыспай отыр? Аппарат, қай облыстар қатыспай отырғаны жөнінде қызметтік хат жолдаңыз. Тізім бойынша Ғалымжан Елеуов деп көрсетілген. Абай облысынан Әділбек Мұсабаев (облыс әкімінің орынбасары) деп жазылған. Менен тек Ақмола облысы әкімінің орынбасары сұранды. Басқа ешкімге рұқсат берген жоқпын. Премьер-министр кеңсесіне және Президент әкімшілігіне қызметтік хат дайындаңыздар», - деді Еділ Жаңбыршин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама