×

Мобильді аударымды тексеру: қазақстандықтар қолма-қол ақшаны жиі пайданала бастаған

Кәсіпкерлер де жағдайға бейімделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 29.02.2024 | 13:10
көрнекі фото: Halyq Uni

Елімізде мобильді аударымдар тексерілетіндіктен қазақстандықтар қолма-қол ақшаны жиі пайданала бастаған. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Ұлттық банктің мәліметінше, (қазақстандықтар) қолма-қол ақшаны жиі пайдалана бастаған. Бірақ бүгінде біз бұдан басқа ешқандай жағымсыз жағдайды көрмедік. Қазір қолма-қол ақшамен сауда жасауға көшкен кәсіпкерлердің бір бөлігі шығынға ұшырап жатқаны түсінікті», - деді Тимур Жақсылықов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министрдің орынбасары қарапайым тұрғындар қолма-қол ақшасыз сауда жасауға үйренгенін атап өтті.

Тұтынушылар қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға әбден үйреніп алды. Көптеген тұтынушы енді қолма-қол ақшаны пайдаланғысы келмейді. Яғни, олар қолма-қолма ақшасыз есеп айырысатын кәсіпкерлерге барады. Осылайша, тұтынушылар дауыс береді. Менің ойымша, көптеген кәсіпкер бұл жағдайда да бейімделеді, - деді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк мобильді аударымдар тексеріліп жатқандықтан жұрт қолма-қол ақша алуды көбейткенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама