×

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан үш адам ұсталды

Күдіктілер камераға түсуден де тартынбаған

 Дастан Жұмабекұлы 28.02.2024 | 12:28
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды.

Қаланың полиция департаментіне сілтеме жасаған polisia.kz-тің хабарлауынша, арнайы іс-шара кезінде полицейлер 4 адамнан тұрған қылмыстық топ пен олардан затты сатып алушы азаматты ұстаған.

Криминалдық полиция бұл топтың кемінде 4 пәтер ұрлығына қатысы бар екенін хабарлады.

Алматы қалалық ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатовтың айтуынша, күдіктілер қала тұрғындарының көпшілігі жұмыста, мектепте немесе іссапарда болатын уақытта ұрлық жасаған. Оның үстіне олар көпқабатты үйлердің пәтерлерін тонаған.

Олар камераға түсуден де тартынбаған. Бірнеше қылмыстық эпизод бейнебақылау жүйесі арқылы жазылып қалған. Күдіктілер Ақбұлақ шағын ауданында болған ұрлықтан кейін ұсталды. Сол кезде қаскөйлер бөтеннің құны 1,5 миллион теңгеден асатын мүлкін ұрлаған, – деді ол.

Ұсталғандар қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама