×

Қаңтар айында көпбалалы отбасылар 38 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды

Биыл мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған

 Дастан Жұмабекұлы 27.02.2024 | 09:38
Фото: Halyq Uni

Қаңтар айында көпбалалы отбасылар 38 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан ала алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп, төленеді.

Биыл 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге, 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге, 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге, 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге, 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр бала үшін 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7% көбейді», – делінген хабарламада.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама