×

Шымкентте жүк көлігі өртеніп, жүргізушісі зардап шекті

Өрт орнына Шымкент қаласы ТЖД-дан 12 адам, 4 техника жұмылдырылды

 Динара Амантай 26.02.2024 | 17:37
Фото: Шымкент қ. ТЖД баспасөз қызметі

Шымкентте жүк көлігі өртеніп, жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін сағат 13:55-те Абай ауданының Бәйдібек би даңғылы бойында жүк көлігінің мотор бөлігі жанған. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенше, автокөліктің 2002 жылғы жүргізушісі ауруханаға жатқызылған.

Өрт сағат 14:15-те оқшауланып, 14:24-те толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт орнына Шымкент қаласы ТЖД-дан 12 адам,4 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама