×

АҚШ мемлекеттік департаменті ата-аналарды «ана» және «әке» деп атауға тыйым салды

Жыл сайын кішкентай балалар тәрбиеленетін біржынысты отбасылардың саны артып келеді

 Динара Амантай 26.02.2024 | 11:18
Фото: klubmama.ru

АҚШ мемлекеттік департаменті ақпаннан бастап ресми құжаттамада «ана» мен «әке» сөздерін қолданбайды. Оның орнына құжаттарда «№1 ата-ана» және «№2 ата-ана» көрсетіледі, деп хабарлады rbc.ru.

Ақпараттық агенттіктің мәліметінше, мемлекеттік департамент мұндай қадамға баруын «әке», «ана» ұғымдарын пайдалана отырып бөлу заман талабына сай емес, ескірген түсінік екендігімен түсіндіреді.

Айта кетсек, АҚШ-та жыл сайын кішкентай балалар тәрбиеленетін біржынысты отбасылардың саны артып келеді.

АҚШ билігі қазір біржынысты отбасыларда тәрбиеленетін балалардың құжаттарында бірден екі әкесі немесе екі анасы болмайтынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама