×

Атырауда кәсіпкерді бапсалаған блогер ұсталды

Сондай-ақ ол сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге ұрлаған

 Динара Амантай 23.02.2024 | 13:45
Фото: видеодан скриншот

Атырауда полиция кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 26 жастағы блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен. Азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып, шу шығарған. Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген.

Сондай-ақ ақпанда сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге ұрлаған. Қазір күдікті қамауда отыр.

Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама