×

Жамбыл облысында қылмыстық топ ұрланған малды сойып, сатумен айналысқан

«Мал ұрысы» республикалық iс-шарасы облыс аумағында 23 ақпанға дейін жалғасады

 Еркеғали Болатұлы 22.02.2024 | 16:30
фото: topuch.com

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі.

Олардың алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқаны белгілі болды.

Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың бұдан басқа 4 мал ұрлау дерегіне қатысы бары және ұрланған 5 жылқыны сойып сатқаны анықталды.

Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, «Мал ұрысы» республикалық iс-шарасы облыс аумағында 23 ақпанға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама