×

Биыл жарты миллионнан астам оқушы орны пайдалануға беріледі

500 мыңнан астам орынға арналған 302 мектеп салу жоспарланып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 22.02.2024 | 13:16
Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов ведомствоның апатты, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Биылғы жылы 500 мыңнан астам орынға арналған 302 мектеп салу жоспарланып отыр.  

Жаңа мектептер түрлі қаржыландыру көздері есебінен салынады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 217 мектеп, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 25 жоба, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестицияларды тарту арқылы 60 мектеп салынатын болады, – деді Жайық Махсутов.

Оның айтуынша, мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді. Тек соңғы 3 жылда 477 мың орындық 791 мектеп пайдалануға берілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама