×

Павлодар облысының тұрғынына елден шығуға тыйым салынды

Ол 6 жыл бойы шетелде жасырынып жүрген  

 Дастан Жұмабекұлы 20.02.2024 | 14:23
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысының тұрғынына 6 жыл бойы қарызын өтемегені үшін елден шығуға тыйым салынды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенген Pavlodar.kz-тің хабарлауынша, 2017 жылы көші-қон қызметі бөліміне 42 жастағы азаматтан 12 млн қарыз өндіріп алу туралы қаулы түскен. Іскерлік қарым-қатынаста болған адам өтініш берушіден қарызға ақша сұраған.

Жәбірленуші ақшаны қайтара алмаған соң сотқа арыз жазды. Ер адам ақшаны қарызға алып, Варшаваға емделуге кеткен. Сот орындаушысы ер адамға елден шығуға тыйым салған, – деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, 2023 жылы ер адам Астанаға келген. Полиция қызметкерлері оны ұстап, елге қайтып келуі туралы міндеттеме алған. 

Қазір көші-қон полициясының қызметкерлері борышкердің қарызын қайтару үшін оның орналасқан жері туралы мәліметті сот орындаушысына жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама