×

Петропавлдың 7 мектебіне де шабуыл жасалатыны хабарланды

Мәселе қалалық ПД басшылығының жеке бақылауында

 Еркеғали Болатұлы 18.02.2024 | 17:30
фото: yandex.ru

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы 7 мектепке теракт жасалатыны туралы ақпарат тарап жатыр.

Полиция өкілдері қазірдің өзінде аталған оқу орындарына шабуыл жасау қаупіне қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Ведомство мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданып жатқанына сендірді. Бұл мәселе қалалық ПД басшылығының жеке бақылауында.

Айта кетсек, мұндай хат бірінші рет жіберіліп отырған жоқ. Қаңтар айының соңынан бері интернетте Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат жиілеп кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама