×

Халықаралық «үлкен үштік» компаниясы Қазпоштаға жоғары рейтинг берді

«Қазпоштаның» ауылдық жерлерінде 2 239 бөлімшесі бар

 Халық үні 16.02.2024 | 16:06
Фото: Қазпошта

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазпошта» АҚ үшін «тұрақты» болжамымен «BBB-» рейтингін берді. Агенттік компанияның Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторы ретінде маңызды рөлін атап өтті.

Сарапшылар «Қазпошта» АҚ Дүниежүзілік пошта одағы шеңберінде мемлекеттің міндеттемелерін орындайтын жалғыз ұйым ретінде ерекшелеп, пошта желісінің стратегиялық маңыздылығын тілге тиек етті.  

Есеп деректеріне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің үздіксіздігі «өте жоғары деңгейде» деп белгіленді. Бұл бағалау «Қазпошта» АҚ мемлекеттік қызметтер көрсететінінің және 2 748 бөлімше арқылы Қазақстанның кең аумағындағы поштаға және баспа БАҚ-қа қолжетімділікті ұсына отырып, ел аумағының байланысын қамтамасыз етудің маңызды функциясын орындайтынының айқан көрінісі.

Бұдан бөлек, «Қазпошта» АҚ Зейнетақы төлемдерінің негізгі функциясын жүзеге асырады – бұл Қазақстандағы зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің 20%-дан астамын астамын құрайды. Әсіресе егде жастағы және шалғай аудандарда тұратын азаматтар үшін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Есепте атап өтілгендей, «Қазпошта» АҚ – Қазақстанның шалғай аудандарында тұрақты өкілдігі бар жалғыз мемлекеттік ұйым. Елдің ауылдық жерлерінде 2 239 бөлімше бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама