×

Түркістан облысында әкімдік қызметкері жауапқа тартылды

Жергілікті атқарушы орган инвестордың жұмысына кедергі келтірген

 Динара Амантай 16.02.2024 | 11:43
Фото: gov.kz

Түркістан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның ParkViewResidence ЖШС инвесторының құқығын бұзу фактісінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде инвестор премиум-класс тұрғын үй құрылысы жобасы аясында 9,6 млрд теңге инвестиция салып, 50 адамды жұмыспен қамтыған. Сонымен қатар, кәсіпкер биыл қосымша 14 коттедж салуға 6,7 млрд теңге инвестициялауды жоспарлап отыр.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестесінің кешігуіне байланысты облыс әкімдігі инвестордың ParkViewResidence ЖШС нысандарын пайдалануға беру мерзімін ұзарту мәселесін ұзақ уақыт бойы шешпей келген. Қажетті шешім қабылдауын жергілікті атқарушы органның жасанды түрде кешіктіргені белгілі болды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Облыстық прокуратураның нұсқамасынан кейін әкімдік ParkViewResidence ЖШС-нің құрылыс мерзімін 1 жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама