×

Жаңаарқа ауданында мал іздеуге шыққан адам табылды (ВИДЕО)

Құтқарушылар із-түзсіз жоғалған азаматты Атасу ауылынан 25 шақырым жерден тапқан

 Дастан Жұмабекұлы 15.02.2024 | 13:38
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

14 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Байдалы би ауылында ер адам мал іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Бүгін ол аман-есен табылды. Оны Жаңаарқа ауданының ТЖД мен №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Жандос Садықов, Дәурен Жәкенов, Алдияр Смайылов, Марғұлан Үмбетжан, Берікхан Сағат, Бекзат Қарабаев пен Айбат Бақтыбай тапты.

Құтқарушылар із-түзсіз жоғалған ер адамды 15 ақпанда түнгі сағат 03:00-де Жаңаарқа ауданының Атасу ауылынан 25 шақырым жерден тапқан.

Кеше кешкі сағат 22:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде жол жабылды деген хабар тарады. Алайда соған қарамастан кейбір азаматтар жеке шаруаларын сылтауратып, жолға шығуларын қояр емес. Мәселен, Ақтөбе облысында 7-8 ақпан аралығында ауа райының өзгеруіне және боранға байланысты барлық бағыттарға жолдар жабылған болатын. Ауа райының қолайсыздығына және елді мекендерден тыс жерлерге шықпау туралы ескертулерге қарамастан, облыстың бір тұрғыны талаптарды елемей, жолға өз бетінше шығып кеткен.

8 ақпанда Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында сағат 10:00 шамасында жолдың жабылған уақытында ол полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбаған. Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындап, өкініш білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама