×

Еліміздің 13 облысында 31 жол учаскесі жабылды

14 ақпан сағат 22:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

 Халық үні 14.02.2024 | 23:10
фото: el.kz

14 ақпан сағат 22:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілген облыстар:

Абай облысында - 7 учаске (825 км)

Ақтөбе облысында – 2 учаске (405 км)

Алматы облысында - 1 учаске (84 км)

Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 км)

Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)

Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)

Қарағанды облысында - 1 учаске (48 км)

Қостанай облысында - 1 учаске (83 км)

Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км)

Павлодар облысында - 2 учаске (423 км)

Солтүстік Қазақстан облысында - 3 учаске (316 км)

Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)

Ұлытау облысында - 2 учаске (438 км)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 332 бірлік техника және 412 жолшы жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама