×

Түркістан облысында жолаушыдан арқар мен қарақұйрықтың мүйізі табылды

Күдікті бұрын сотты болған

 Дастан Жұмабекұлы 13.02.2024 | 09:39
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Төлеби ауданының полициясымен бірігіп, жедел іздестіру операциясы кезінде автокөліктен жабайы арқардың бас сүйегі мен қарақұйрықтың мүйіздерін тапты.

Бас сүйек пен мүйіздер Төлеби ауданындағы ауылдардың бірінде полицейлер «Ауди» көлігін тоқтатқанда тәркіленді.

Күдікті бұрын сотталған екен. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама