×

Таразда сұлулық салонының қызметінен 9 адам зардап шеккен

Олардың кінәсы жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен дәлелденді

 Динара Амантай 09.02.2024 | 17:55
Фото: korenovsk-rc.ru

Тараз қаласы №2 сотында алаяқтық және медициналық қызметпен заңсыз айналысқан азаматтарға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2021 жылдың тамызы-2022 жылдың маусымы аралығында сотталушылар алдын ала сөзу байласу, алдау, сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше рет жымқыру мақсатында заңсыз медициналық қызметпен айналысқан. Олар Тараздағы сұлулық салонында сертификат, лицензиясыз және медициналық білімсіз косметологиялық қызметтер көрсетіп, пластикалық оталар жасаған.

Сотталушылардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 9 жәбірленушінің денсаулығына орташа және ауыр дәрежеде зиян келтірілген. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен және заттай дәлелдемелермен объективті дәлелін тапты.

Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, түпкілікті О.-ға медициналық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы (ҚР ҚК-нің 190-б. 3-б. 4-т., 322-б. 1,2-б.) тағайындалды. К.-ге медициналық қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы (ҚР ҚК-нің 190-б. 3-б. 4-т.) тағайындалды. С.-ға медициналық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы (ҚК-нің 190-б. 3-б. 4-т., 322-б. 1,2-б.) тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама