×

Оқушыларға Қаныш Сәтбаевтың ашаршылықтағы көзсіз ерлігі үлгі етілді

Олар ғалымның ғылыми еңбектерімен де танысты

 Дәурен Ерболат 09.02.2024 | 10:53
Фото: Павлодар облыстық білім беру басқармасы

Павлодарда оқушыларға геолог, ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың ашаршылық кезіндегі ерлігі айтылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Қаладағы Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай, «Қаныш Сәтбаев – ұлы тұлға» атты тәрбие сағаты мен «Мәңгі сөнбес Қаныш Сәтбаев» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған 1-11 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шарада оқушыларға ғұлама ғалымның ашаршылық кезіндегі жерлестеріне жасаған жанқиярлық көзсіз ерлігі, ондаған баланы аштықтан аман алып қалғаны айтылды.

Бүгін оқушылар қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен, қоғамдық жұмысымен танысты. Ғалымның құрметіне арналған іс-шараға қатысқан оқушылар айтылған әңгімелерді ұйып тыңдап, үлкен әсер алды, – деді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бағдат Сибанбаева.

Сондай-ақ балаларға «Қазақтың Қанышы. Тарих. Тағдыр. Тұлға» деректі фильмі көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама