×

Атырауда пара алған шенеунік анықталды

Ол тауарларды шекарадан кедергісіз өткізген

 Дәурен Ерболат 09.02.2024 | 09:30
Фото: Halyq Uni

Атырауда АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Антикор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша басқармасы облыс прокуратурасының үйлестіруімен АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекараларының шектескен учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды жедел және кедергісіз іске асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 млн 100 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді, - деп жазылған хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама