×

Полицейлерге күш көрсеткен ерлі-зайыптылар тергеліп жатыр

Олар өздерін агрессивті ұстаған

 Динара Амантай 08.02.2024 | 17:29
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полицейге күш көрсеткен ерлі-зайыптылардың үстінен әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарабалық кентінің тұрғыны полицейдің заңды талаптарына бағынбаған. Ал оның әйелі полицейлерді қорлап, оларға күш көрсеткен.

Осы факті бойынша қылмыстық және әкімшілік іс қозғалды. Анықталғандай, 10:00-де аумақты аралау кезінде полицейлер дүкеннен мас болып шыққан ауыл тұрғынын байқаған. Оның қолында алкогольді өнім салынған пакет болған. Ер адам өзін тоқтатқан талапқа бағынбай, қаша жөнелген. Әйел күйеуін жақтап, полиция қызметкерлерімен сөйлесу кезінде оларды қорлай бастады. Ол тәртіп сақшысының бас киімін жұлып алып, телефонмен басынан ұрған. Екіншісінің де бетінен ұрған. Ерлі-зайыптылар өздерін агрессивті ұстады, – делінген полиция хабарламасында.

Сараптама ауыл тұрғынында мас болудың «орташа дәрежесін» көрсетті. Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі дүкенде алкогольді өнімнің тыйым салынған уақытта сатылу дерегі бойынша да тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама