×

Ақтауда 2 шетелдіктің ішінен 295 контейнер есірткі табылды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 08.02.2024 | 11:14
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен шетелдік 2 азаматты ұстады. Олардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу жүргізіліп, бөгде заттардың бар екендгі анықталды.

Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазанынан апиын тобына жататын 295 контейнер есірткі шығарылды. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 келіден асады.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама