×

«Ертіс» клубының экс-футболшысы Мессидің командасымен ойнады

Павлодардың командасында Руслан Мингазов 13 матч ойнап, екі гол салған

 Дастан Жұмабекұлы 07.02.2024 | 16:57
Фото: Instagram.com/ruslan_mingazov/

Гонконгта АҚШ-тың «Интер Майами» мен жергілікті футболшылардан жасақталған команданың арасындағы жолдастық матчта Павлодардың «Ертіс» клубында ойнаған Түрікменстанның легионері Руслан Мингазов алаңға шықты.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, Руслан Мингазов 2019-2020 жылдары Павлодардың «Ертіс» клубында ойнаған. Ал қазір Гонконгтың «Китчи» командасымен келісімшарт жасап, осы жасақтың жейдесінде жасыл алаңға шығып жүр.

Матчта Гонконгтың футболшылары Лионель Мессидің командасынан 1:4 есебімен жеңілді. Мингазов матчтың басынан бастап соңына дейін ойнады. 

Өкінішке қарай, «Интер Майамидің» сапында Лионель Месси, Хорди Альба, Луис Суарес пен Серхио Бускетс сынды ойыншылар болған жоқ. Аргентиналық футболшы бүкіл ойын бойы қосалқы құрамның орындығында отырып шықты. Бұл жергілікті жанкүйерлердің көңілінен шықпай, америкалық команданың бас жаттықтырушысы Херардо Мартиноға ренішін білдірді.

Жанкүйерлер «Интер Майамидің» басшылығынан сатып алған билеттерінің ақшасын қайтаруды талап етті. Херардо Мартино әлем чемпионының алаңға шықпағанына шығарыпсалма жауап берді.

Месси алаңда болса, жарақат алатын еді. Оның жарақат алғаны бізге керек емес. Сіздер осы жерде қаласыздар. Ал біз ертең қайтып кетеміз. Жарақатпен кеткіміз келмейді, – деді ол.

Руслан Мингазов болса, «Интер Майамиде» ойнайтын футбол жұлдыздарының бәрімен фотоға түсіп, жасыл алаңға шыққаны үшін Гонконгқа алғыс айтты.

Жартылай қорғаушы «Ертіс» сапында 13 матч ойнап, екі гол соққан еді. Ол 2020 жылы мамырда «Ертіс» премьер-лигадан шеттетілген кезде клубпен келісімшарты аяқталмағанына қарамастан Павлодардан кетуге асыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама