×

Бурабайда 24 жастағы қыз көпқабатты үйден секіріп кетті

Мерт болған адамның туыстары мен таныстары анықталып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 07.02.2024 | 10:23
Фото: mezgil.kz

Ақмола облысының Бурабай ауданында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп, мерт болды.

Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпараттың хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 ақпанда Бурабай ауылында болған.

5 ақпанда Бурабай ауданында 24 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсауына байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі («Суицидке дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қыз қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30-да болды, – делінген хабарламада.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Мерт болған қыздың туыстары мен таныстары анықталып, оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама