×

Шымкентте алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді

Ол баласына 2 жылға жуық уақыт бойы ақша бермеген

 Динара Амантай 06.02.2024 | 12:05
Фото: Halyq Uni

Шымкентте алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасына толмаған баласын асырап-бағу үшін ай сайынғы табысының немесе өзге кірісінің бөлігін төлеуге тиісті бола тұра, 2 жылға жуық жалтарып жүрген. Борышкердің берешегі 1,5 млн теңгеден асып кеткен.

Тұран аудандық ПБ-ның анықтаушылары оның бұрынғы әйелінің арызы бойынша істі тіркеп, азаматты құжаттармен таныстырып, аталған құқықбұзушылық үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірді. Міндетін орындамаған ер адамға қатысты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданды, – делінген хабарламада.

Полицейлер азаматтарға баланың болашағы үшін алимент төлеуден жалтармай, заң аясында белгіленген қаражатты төлеп отыруға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама