×

Павлодар облысында мерзімі өткен вакцинамен 2 бала егілген

Жарамсыз препараттар жойылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылды

 Динара Амантай 05.02.2024 | 11:46
Фото: attuale.ru/

Павлодар облысында мерзімі өткен вакцинамен 2 бала егілген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, егу науқанын жүргізу заңдылығына медициналық ұйымдарды тексеру жүргізілген. Атап айтқанда, 21 миллионнан астам теңгеге 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды. 

Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген. Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама