×

Жол үстінде шарап ішіп, ваннаға түскен талғарлық блогер қамауға алынды (ВИДЕО)

Оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқандар да ұсталды

 Еркеғали Болатұлы 04.02.2024 | 17:02
фото: видеодан скриншот

Блогер қызық контент түсіру үшін Талғар қаласының орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ваннаға жатып, шарап ішкен.

Ол таңданған жүргізушілер мен өтіп бара жатқан адамдардың көзінше киімімен көбікке барып жата қалады. Бірақ бұл «тамаша» полиция қызметкерлері келісімен тоқтатылған.

Патрульдік полиция ротасы патрульдеу кезінде Талғар қаласының орталық көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Сонымен бірге, оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан басқа да қатысушылар анықталып, ұсталды, - деп хабарлады полиция.

Жол қозғалысына кедергі келтіргені, көлікті қою және тоқтату ережелерін сақтамағаны, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты бірқатар әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен түсірілім кейіпкері 15 тәулікке қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама