×

Челлендж: жедел жәрдем жүргізушілері спортпен шұғылданып жатыр (ВИДЕО)

Желі қолданушылары жаңа трендті ұнатып, жақсы пікірлер жазған

 Еркеғали Болатұлы 04.02.2024 | 15:10
фото: видеодан скриншот

Қазақстанда жедел жәрдем жүргізушілері қарағандылық әріптестері соққыға жығылғаннан кейін әлеуметтік желіде челлендж бастады.

Олар спортпен шұғылданып, дене шынықтыру жаттығуларын жасап жатқан видеоларын жариялап жатыр. Желі қолданушылары жаңа трендті ұнатып, видеоның астына жақсы пікірлер жазған.

Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген жігіттің видеосы әлеуметтік желілерде көп талқыға түскен еді. Соққысы жойқын Нұрбол Дәкебаев қазір қамауда отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама