×

Абай облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Жақын арада оны экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады

 Динара Амантай 02.02.2024 | 17:00
Фото: polisia.kz

Абай облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері Түрікменстан Республикасының 28 жастағы азаматын рейдтік іс-шараларды өткізу барысында анықтады. Тексеру кезеңінде жас жігіттің өзімен бірге ешқандай құжаттары болмаған. Осыған байланысты ол полиция қызметкерлерімен аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Полицейлердің бірі іздеу тақтасына орналаcтырылған шетелдік азаматты танып қойған.

Ер адамға сот үкімін орындамағаны үшін көрші аймақтың құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған. Ол қылмыстық қудалаудан 2 жыл бойы жасырынған.

Полиция шетелдікті ШҚО әріптестеріне тапсырып, олар жақын арада оны экстрадициялау туралы мәселені шешетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама