×

Ақтөбелік бойжеткен бір тәуліктен бері табылмай жатыр

Аты-жөні – Ракип Еңлік Дәулетиярқызы

 Еркеғали Болатұлы 02.02.2024 | 16:23
фото: дереккөз

Ақтөбе облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызды іздестіріп жатыр. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жоғалған қыз 2007 жылы туған. Аты-жөні – Ракип Еңлік Дәулетиярқызы. Ол 1 ақпанда үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

Белгілері: бойы – шамамен 160-165 сантиметр, дене бітімі – арық, шашы – ұзын қара. Киімі: қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр түсті жолақты шалбар, ақ етік. Ерекше белгілері жоқ, - делінген хабарламада.

Ақпарат білетін адамдардың полицияға 102 немесе 8776-546-66-66 телефондары арқылы хабарлауына болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама