×

Таразда 70 жастағы қария үйінде есірткі өсіретін фитолаборатория жасаған

Химиялық сараптама тағайындалды

 Динара Амантай 31.01.2024 | 14:00
Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында есірткі өсіретін фитолабораторияның жолы кесілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, марихуана өсіретін тағы бір фотолабораторияның жұмысын тоқтатты. Фитолаборатория тараздық 70 жастағы тұрғынның үйінен анықталды. Бір бөлмеге ол жарық шамдарды, жылыту пештерін, желдету жүйесін, термометр орнатқан.

Тінту кезінде полицейлер пластикалық шелектердегі 15 қарасора көшетін, 49 кептірілген қарасора сабағын тәркіледі. Олардың 1 грамы қара нарықта 10 мың теңге тұрады. Барлығы 1 келі 216 грамм кептірілген марихуана және 4 келі 650 грамм марихуана тәркіленді.

Қазір есірткі заттарын заңсыз дайындау, ірі мөлшерде сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Химиялық сараптама тағайындалды, – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама