×

Елімізде 36 балалар үйі қолдау орталығына айналды

Президенттің тапсырмасы орындалып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2024 | 16:14
Фото: tengrinews.kz

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қиын жағдайда қалған балаларға қолдау көрсетумен айналысып жатыр.

Бүгінде еліміз бойынша жетім балаларға арналған 36 ұйым балаларды қолдау орталығына айналды. Онда мемлекет тарапынан балаларға тамақ, киім, аяқ киім және басқа да заттар беріледі.

Балаларды қолдау орталықтары − тұрақты немесе уақытша (күндізгі) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар.

36 орталықтың әрқайсысында 8 арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, олар – әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер. Сонымен қатар, тәрбиеленушілерді одан әрі өмір сүруге бейімдеу, оның ішінде қандас туыстарына қайтару, отбасыларға орналастыру немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған орталықтарға жіберу бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі. Әрбір орталықта тәрбиеленушілерді психологиялық және құқықтық қолдау қызметтері, сондай-ақ отбасыларға орналасуға жәрдемдесу қызметтері құрылған, – делінген хабарламада.

Жалпы, соңғы 10 жылда еліміздегі балалар үйлері мен олардың тәрбиеленушілерінің саны 2 есе қысқарған. Президенттің тапсырмасына сәйкес, олар балаларды қолдау орталықтарына айналды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама