×

Алматы облысында есепші кәсіпкерлердің ақшасын қалтасына басқан

Ол 7 жылға сотталды

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2024 | 10:26
Фото: Halyq Uni

Алматы облысының Ұйғыр ауданында орталық аурухана есепшісінің мемлекеттік сатып алуға қатысқан кәсіпкерлердің 90 млн теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп алғаны анықталды.

Бұл ақшаны бизнесмендер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде аударған. Алайда аурухананың есепшісі қаражатты өз шотына аударып алған.  

Осы іске қатысты Алматы облысының прокуратурасы есеп-қисап бөлімін тексеріп, тағы 50 млн теңгенің ұрланғанын анықтады. Бұл ақша да 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет.

Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі кәсіпкерлерге қайтарылды. Ал аурухананың есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама