×

ҰҚК Сирияда соғысқан қазақстандықты ұстады

Ол қамауға алынды

 Дәурен Ерболат 29.01.2024 | 10:10
Фото: ҰҚК

Биыл 27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлда ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ол Алматыға айдауылмен депортацияланды.

Тергеу материалдарына сәйкес, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кеткен. Онда жас жігіт қарулы топтардың біріне кірген.

Қазақстандықты отанына әкелу үшін ҰҚК түркиялық әріптестерімен бірлесіп, жұмыс істеді. Сондай-ақ Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі қолдау көрсеткен.

Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 257-бабы («Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу») бойынша іс қозғалды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама