×

Жезқазған-Петропавл тасжолында екі жолаушы қаза тапты

Көліктер мамандандырылған тұраққа орналастырылды

 Еркеғали Болатұлы 24.01.2024 | 17:34
фото: дереккөз

Жезқазған-Петропавл тасжолында болған жол апаты салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Petropavlovsk.News.

23 қаңтарда сағат 16:00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл тасжолында Peugeot және Toyota Camry көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Peugeot және Toyota Camry көліктерінің 2 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Көліктер мамандандырылған тұраққа орналастырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама