×

Жемқорлықпен сотталған Алматы қалалық ТЖД-ның бұрынғы басшысы ақталып шықты

Ол мердігерге толық аяқталмаған жұмыс көлемінің толық құнын заңсыз төлеген

 Еркеғали Болатұлы 24.01.2024 | 16:45
фото: gov.kz

Жемқорлық үшін сотталған Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Қасыбаев ақталды. Бұл туралы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.

2023 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығына қатысты үкімнің күшін жойып, ол «бірден» қамаудан босатылды, - деді Дидар Смағұлов.

2023 жылдың қыркүйегінде Әскери соттың апелляциялық алқасы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қасыбаевты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 3 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша, полковник мердігерге толық аяқталмаған жұмыс көлемінің толық құнын заңсыз төлеп, техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаладағы өрт сөндіру бекеттерінің бірін пайдалануға берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама