×

Астанада қолында баласы бар жігітті ұрған Бейбіт Шүменов әлі іздеуде жүр

29 желтоқсанда іс бойынша өндіріс қайта басталып, қазір тергеу жүріп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 24.01.2024 | 14:59
коллаж: Halyq Uni

Бас прокуратура боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істің тергеу барысы туралы мәлімдеді.

Еске сала кетсек, боксшы Астанадағы ірі сауда орталықтарының бірінде ер адамды ұрған болатын.

2023 жылдың 12 шілдесінде Астана қалалық ПД Есіл ауданы полиция бөлімінің Шүменовке қатысты бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеуді бастағаны анықталды. 28 тамызда іздеуге байланысты қылмыстық тергеу тоқтатылды. 29 желтоқсанда іс бойынша өндіріс қайта басталып, тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Айта кетсек, Бейбіт Шүменов – танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы. Мансабын 2007 жылы бастаған. 19 жекпе-жек өткізіп, 17-сінде жеңіске жеткен. 2 кездесуінде қарсыласына есе жіберген. 2017 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама