×

Елорда тұрғыны төбелес кезінде алтын алқаны ұрлап үлгерген (ВИДЕО)

Ер адамдар дәмханада сөзге келіп, жанжал шығарған

 Дастан Жұмабекұлы 24.01.2024 | 13:44
Фото: polisia.kz

Астанада төбелес кезінде алтын алқа ұрлаған азамат ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, екі ер адам дәмханада сөзге келіп, төбелесіп қалған. Сол кезде күдікті жәбірленушінің мойнындағы алтын алқаны жұлып алып, жұдырығына жасырған. Төбелес біткен соң, алтын алқасын жоғалтып алған азамат полицияға арыз жазған. Төбелес шығарып, ер адамның қымбат затын қолды еткен азаматты полиция бейнебақылау камерасының көмегімен көп ұзамай ұстады.

Алтын алқа 865 мың теңгеге бағаланған екен. Оны бізге арыз жазған адам айтты. Тергеу кезінде Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасағысы келді деген күдікпен 25 жастағы жігітті ұстады, – делінген хабарламада.

Осы іске қатысты Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама