×

Абай облысында үйлерді тонаған әккі ұрылар ұсталды

Күдіктілер күндіз-түні ұрлыққа түсіп, ұрланған заттарды сатып, пайда көрген

 Дастан Жұмабекұлы 24.01.2024 | 13:13
Фото: polisia.kz

Абай облысының Аягөз қаласында үйлерді тонаумен айналысқан ұрылар тобы ұсталды.

Күдіктілер күндіз-түні ұрлыққа түсіп, ұрланған заттарды сатып, пайда көрген.  

Былтырдан бері аудан полициясына жергілікті тұрғындардың үйлерінен ақша, қымбат заттар мен зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы арыздар түсе бастаған. Қолды болған құнды заттардың жалпы сомасы 2 млн 170 мың теңге болды, – деп хабарлады polisia.kz.

Тергеу мәліметі бойынша ұрылар үй иелері жоқ кезде жер үйлердің аумағына кіріп, пластикалық терезелерді сындырып, бағалы заттарды ұрлаумен айналысқан.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық және үй-жайға заңсыз кіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама