×

Түркістан тұрғыны тал түсте жас жігітті көшеде пышақпен қорқытқан

Одан 200 мың теңге талап еткен

 Еркеғали Болатұлы 23.01.2024 | 15:55
фото: vest-news.ru

Түркістанда тал түсте жас жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен адам қамауға алынды.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданып, өзін бейтаныс адам пышақпен қорқытып, 200 мың теңге талап еткенін жеткізген.

Жедел әрекетке кіріскен тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар 27 жастағы жігітті қолға түсірді. Анықталғандай, оқиға 14:00 шамасында көше бойында болған.

Жас жігіт досының үйіне жаяу бара жатқан тұста алдынан бейтаныс ер-азамат шығып, оған пышағын жалаңдатып, қоқан-лоққы көрсеткен. Артынша ақша талап еткен. Жас жігіттің қалтасында ақша болмағандықтан, күдікті оның телефонын алып кеткен.

Күдікті қамауға алынды. Қазір оның үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама