×

Атырау облысында әкімдік қызметкерлері 144 млн теңгенің жерін заңсыз үлестірген

Учаскелерді заңсыз алған адамдар қатарында жер комиссиясының мүшелері де бар

 Еркеғали Болатұлы 23.01.2024 | 14:05
фото: 6sotok-dom.com

Атырау облысында Мақат ауданы әкімдігі мен жер қатынастары басқармасының жауапты қызметкерлері мемлекеттік жерді заңсыз бергені үшін жазаланды. Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады.

Мақат ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметінде жүргізілген тексеріспен мемлекеттік қызмет көрсету, міндетті конкурстық рәсімдерді елемеу және аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларының құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдау кезінде елеулі бұзушылықтар анықталды.

Мақат ауданы прокурорының актісі бойынша сауда-саттықтан тыс табысталған жалпы құны 144 млн теңге болатын 61 га 3 жер учаскесі қайтарылды, – деп мәлімдеді облыс прокуратурасы.

Сондай-ақ сауда-саттықтан тыс жер учаскелерін заңсыз алған адамдар қатарында жер комиссиясының мүшелері де бар. Мүдделер қақтығысына қарамастан соңғысы комиссия отырсына өзі қатысып, бұл жағдайды одан да қолайсыз етеді.

Сонымен қатар, аудан әкімі орынбасарларының бірі бюджетке тиісті төлемсіз кәсіпкерге жер учаскесін тегін берген.

Прокурорлық қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен аудан әкімінің екі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылса, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ӘҚБтК 137-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама