×

Павлодар облысында жауапсыз жылқышы жауапқа тартылмақ

Іс сотқа жіберілді

 Дәурен Ерболат 22.01.2024 | 14:55
Фото: polisia.kz

Павлодар ауданында жауапсыз малшы сот алдында жауап береді, деп хабарлады Polisia.kz.

Григорьевка ауылдық округінде көлік апатын және мал ұрлығын болдырмау үшін полиция қызметкерлері қыстауды тексерді. Нәтижесінде полицейлер иесіз жайылған 500 бас жылқыны анықтады. Олар бөтен шаруа қожалығының аумағында жайылып, шөбін жеп, маяны таптаған.

Жұмысына жауапсыз қараған бақташы анықталды. Күдіктінің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық турады кодекстің 147-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің басшысы Қайрат Сатыбаев.

Егер жылқышының кінәсі дәлелденсе, оған 40 АЕК (147 680 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама