×

Талғарда полиция қызметкері қаққан жігіттің әпкесі Тоқаевтан көмек сұрады

Марқұмның әпкесі жүргізушінің жанында мектеп мұғалімі болғанын айтты

 Халық үні 23.12.2021 | 11:57
фото: instagram/maralzhenisova

Оқиға 25 қазан сағат 20:30-да Талғар қаласында болған. Көлік жүргізушісі Менделеев көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатқанда асфальт жиегімен келе жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Соққы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Видеодан күдікті адам қаққаннан кейін тоқтамай, оқиға орнынан бой тасалағанын көруге болады.

Аталған факт Талғар аудандық полициясында қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тіркелді.

26 жастағы күдікті ұсталды, сондай-ақ оның 24 қазанға дейін полиция қызметкері болғаны айтылды.

Бүгін марқұмның әпкесі видеоүндеу жариялап, оқиға кезінде көлікте тағы бір адам болғанын айтты. Ол - Талғар мектептерінің бірінің АӘД оқытушысы.

Қылмыскердің балаларға бірдеңе үйрете алатындай моральдық құқығы бар ма деген сұрақ туындайды. Ең сорақысы - олар қылмыс ізін жасырып, сынған әйнекті алып тастауы. Інімнің орнында кез келген басқа оқушы болуы мүмкін, - деді марқұмның әпкесі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама