×

Жетісу облысында қар құрсауында қалған көліктер құтқарылды

Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

 Динара Амантай 20.01.2024 | 14:38
Фото: видеодан скриншот

Жетісу облысында қар құрсауында қалған көліктер құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауында қалып қойып, қалған жүк автомашиналарының жолын бөгеген бір жүк машинасының салдарынан автомашиналар кептеліп қалған.

10-ӨСБ жеке құрамының күшімен жүк көлігі қар құрсауынан сүйретіліп, қалған 5 автокөлік Достық станциясына жеткізілді.

Сол күні «Үшарал-Достық» автожолының учаскесінде ішінде екі адамы бар жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Құтқарушылар оларды Көктұма станциясына эвакуациялады.

ТЖМ азаматтарды дабылды ескертулер кезінде алыс жолға шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама