×

Биыл Моңғолия халқы 3,5 миллионға жетеді

2048 жылы елде 5 млн адам болады деген болжам бар

 Дастан Жұмабекұлы 18.01.2024 | 17:50
Фото: delachieve.com

Моңғолия ұлттық статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, 22 қарашаға қарай халық саны 3,5 миллион адамға жетуі мүмкін.

Комитеттің болжамы соңғы 3 жылдағы туу, өлім және халықтың табиғи қозғалысына негізделген, – деп хабарлады Моңғолияның Kaznews ақпараттық порталы.

Порталдың хабаралуынша, соңғы 3 жылда орта есеппен әр 7 минут 16 секунд сайын бір бала дүниеге келіп, 27 минут 46 секунд сайын бір адам қайтыс болады. Ал Моңғолия халқының саны әр 9 минут 55 секунд сайын бір адамға артып келеді.  

1962 жылы Моңғолия халқының саны 1 миллион болса, 1988 жылы ел халқы 2 миллион, 2015 жылы 3 миллион адамға жеткен.

Бүгінде олардың саны 2033 жылы 4 миллионға, 2048 жылы 5 миллионға жетеді деген болжам бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама