×

Майқайың кенішінде апат болған аумақтан құтқарушының сөмкесі табылды

Іздеу жұмыстары топырақтың сырғуына байланысты қиындап жатыр

 Халық үні 18.01.2024 | 10:31
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Павлодар облысы «Майқайыңалтын» АҚ аумағында шұңқырға құлап кеткен қызметкерлердің заттары табылып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, автобус орналасуы мүмкін жерде қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздеу барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды.

Мамандар іздеу жұмыстарының топырақтың үнемі қозғалып, сырғуына байланысты қиындап жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов Майқайың кенішінде шұңғырға түсіп кеткен автобустағы 2 адам тірі болуы мүмкін екенін айтты

Мамандар жерді сканерлегенде автобустың тұрған жерін болжады. Құрылғы ол жерде металл бар екенін көрсетті. Бұрын оның астында бос кеңістік бары айтылды. Сондықтан құтқарушыларымыз бен мамандар өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Күн суық. Құтқарушылардың да өміріне қауіп төніп тұр.

Себебі, топырақ жылжыса, ондағы жұмыс істеп жатқан техника жерге түсіп кетуі мүмкін. Барлық қауіпсіздік сақталып жатыр. Автобус жатқан ықтимал жерге жақындадық. 2 мың текше метр топырақ шығарылды. Енді эскалатор жұмыс істеп, ақырын топырақты шығарып жатырмыз, - деді Бауыржан Сыздықов Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, Павлодар облысы Маңқайың кенішіндегі шұңғырға түсіп кеткен автобуста барлығы 4 адам болған. 2 құтқарушының денесі табылды. Құтқарушылар қалған екі адамды әлі іздеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама