×

Алматы әуежайының жаңа терминалы маусымда ашылады

Құрылыс жұмыстарының 87% пайызы аяқталған

 Халық үні 18.01.2024 | 09:09
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы 2024 жылдың маусымында ашылады деп жоспарланған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы мәселесін талқылады. 

Кездесуде елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жайы айтылды.

Алматыда жаңа халықаралық терминалдың ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз, - деді Әлихан Смайылов.

TAV Airports Holding басшысының айтуынша, қазір құрылыс жұмыстары 87%-ға аяқталған. Жаңа терминал 2024 жылдың маусымында ашылады деп жоспарланып отыр.  

Айта кетейік, 2023 жылы Алматы әуежайы жолаушылар ағынының рекордтық деңгейін тіркеді. Қолданыстағы терминал тек ішкі рейстерге ғана пайдаланылады. Бұл ретте екі терминалдың әлеуеті жылына 14 млн жолаушыға жетеді. Әуе айлағы арқылы жүк тасымалы көлемін 100 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама