×

Елордада ШҚО-ның «Классикалық музыка кеші» концерті өтеді

Концерт «Astana Ballet» театрында өтеді деп жоспарланған

 Халық үні 17.01.2024 | 12:45
Фото: Astana Ballet

Астанада Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ШҚО әкімі симфониялық оркестрінің бас дирижеры А.Галсановтың жетекшілігімен «Классикалық музыка кеші» концерті өтеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Концерттік бағдарламада қазақстандық және шетелдік белгілі композиторлардың вокалдық, классикалық және аспаптық шығармалары орындалады.

Сонымен қатар бұл іс-шарада «Ертіс концерт» КМҚК халықаралық және республикалық байқауларының лауреаттары Ботагөз Жұмабекова, Жанат Бисимбаев, Арника Байбусынова, Абай Каиырбек, Дарын Бисаринов, Мәдениет саласының үздігі Айжан Мазкенова, ҚР Мәдениет қайраткері Альмира Нургожина, ҚР еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач өнер көрсетеді.

Концерт 21 қаңтар сағат 16:00-де Астана қаласы Ұлы дала, 43 мекенжайында орналасқан «Astana Ballet» театрында өтеді. Кіру тегін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама