×

Су кодексі: Мәжіліс депутаты заң жобасының нені көздейтінін түсіндірді

Құжатта су қауіпсіздігі, суды тиімді пайдалану тетіктері қарастырылған

 Дәурен Ерболат 17.01.2024 | 11:32
көрнекі фото: atpress.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Су кодексі мен оған ілеспе заң жобасына зер салды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Су кодексін әзірлеудің негізгі мақсаты – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтың мүддесі үшін бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудың құқықтық негіздері мен тетіктерін жетілдіру.

«Кодексті қабылдау елдің су әлеуетін сақтау және судың экономикалық құндылығын тану басымдығы жағына қарай су ресурсын басқару тәсілдерін қайта қарауға, саладағы мемлекеттік органдардың құзыреттерін айқындау және нақтылау, сондай-ақ мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруда жұртшылық пен ғылымның рөлін күшейтуге, су қорын сақтау және халықтың және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік береді», - деді депутат Бауыржан Смағұлов.

Сондай-ақ депутат ілеспе заң жобасы нені көздейтінін жеткізді.

«Ілеспе заң жобасы («Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы) жаңа Су кодексін үйлестіруге, су қорын қорғауға және судың ұтымсыз пайдалану салдарымен байланысты мемлекет үшін әлеуметтік, экономикалық тәуекелдерін азайтуға бағытталған нормалар енгізілді. Комитет осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова 2030 жылға қарай Қазақстанда су көлемі азайып, көрші елдерге тәуелді болу қаупі барын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама